Саясатқа жастардың келуі қуантады- ақын

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жиырма бірінші ғасырдың, жиырма бірінші жылында өтіп жатқан саяси науқан ерекше. Мұндай пікірді Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Маралтай Райымбекұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлаудың ерекшелігі әйел затына басымдық беріп отыр. Бұл дәл қазіргі уақытта керек нәрсе. Демократиялық мемлекеттің ілгерлеуін көрсетеді. Тағы бір айтатын нәрсе, ол буының алмасуы. Саясатқа жастардың келуі қуантады. Барлық нәрсе жаңарып тұрады. Осы тұрғыдан алғанда мен жастарға берілген мүмкіндіктерге қуанамын. Бұл өзін-өзі ақтайды.Себебі, жастарда жаңашылдық бар. Олар қоғам үшін көп еңбек етеді деп ойлаймын»,- дейді ақын.

Сонымен қатар, ақын дауыс берер алдында бата беріп, тілек тілегінін айтты.

«Мен кеңес үкіметі кезінен бастап дауыс беріп келем. Ешқашан сайлауға бармай қалған кезім болған емес. Ата-аналармыз барлық шаруаны ысырып қойып сайлауға баратын. Жаңа дауыс берердің алдында «бата» беріп, бетімді сипадым. Тілегім бір. Ел аман, жұрт тыныш болса екен. Жиырма бірінші ғасырдың, жиырма бірінші жылы сайлаумен басталды. Мұны жақсылыққа жоримын»,-дейді Маралтай


Соңғы жаңалықтар