Саясат Нұрбек Германияның үздік ЖОО-лар филиалын елімізде ашуды ұсынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Германияның жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын өз елімізде ашуға көмектесуге дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан-Герман қоғамының төрағасы, Eurasian Management Solutions басқарушы серіктесі Томас Хельммен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қос елдің білім беру саласындағы ынтымақтастық жолдары талқыланды. Министр өз сөзінде, егер Германия қызығушылық танытқан жағдайда Қазақстан аталған елдің үздік университеттерінің филиалдарын ашуға жәрдемдесуге дайын екендігін қуаттады.

«Жоғары білім беруді реформалау, университеттерімізге академиялық және басқарушылық еркіндік беру – әлемнің үздік университеттеріне Қазақстанға жол ашады», – деді Саясат Нұрбек.


Т.Хельмнің айтуынша, мыңдаған қазақстандық Германия ЖОО-ларынад біліп алды.

«Бүгінгі таңда мыңдаған қазақстандық стипендиат Германияның жоғары оқу орындарында білім алды. Олардың басым көпшілігі Қазақстан экономикасының игілігіне қызмет етуде», - деді Томас Хельм.

Министрліктің баспасөз хабарламасында мәлім етілгендей, Германияның стипендиялық бағдарламалары ондаған жылдар бойы еліміз жастары арасында сұранысқа ие. Олар студенттермен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде кең ауқымды жобалар ұсынады. Оның ішінде ғалымдар мен оқытушыларға арналған стипендиялық зерттеу бағдарламалары бар.



Соңғы жаңалықтар