Саясат Нұрбек: Білім алу үшін шетелге кетіп жатқан жастардың көбейгені қынжылтады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбек Қостанайда өткен «JAS QOSTA» ақпараттық алаңында көтерілген мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұған дейін Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы «Жайлау» демалыс базасында аймақаралық ақпараттық лагері өткенін хабарлаған едік.  

Ақпараттық алаңда қостанайлық жастарға тәжірибелі мамандар дәріс өткізді. Солардың бірі - Саясат Нұрбек. Белгілі саясаттанушы заманауи үрдістердің қазіргі қазақ қоғамында қалай іске асып жатқаны туралы айтты.

«Қазақстанның әр өңірінде жас буынмен түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Бүгін Қостанай облысында тұңғыш рет жастар лагері өтті. Бұл шараға Ресейден қандастарымыздың келгені қуантты. Басқосуда ақпарат жедел алмасып жатқан қазіргі уақытта жастарға дұрыс бағыт беру талқыланды. Сондай-ақ, «Big data жəне жасанды интеллект» тақырыбында дәріс өтті. Жасанды интеллект бағдарламалық жүйелері барлық салаға кіріктіріліп жатыр. Ертеректе адамдар ғана ойлай алады деген түсінік қалыптасты. Бірақ, бұл монополия өзгерді. Роботтар адамдардан да сапалы, жедел жұмыс істейтін болды. Алда талай технологиялық революциялар күтіп тұрғанын ескеру қажет. Негізі осы жасанды интеллект үрдісі қайдан пайда болды? Сыртқы миграцияны қалай тоқтатамыз? Міне, қостанайлық жастармен осы іспеттес сұрақтарды қарастырдық», - дейді Саясат Нұрбек.

Саясаттанушының сөзіне сүйенсек, түйткілдердің дені білім саласы арқылы шешіледі. Қазақстанда заман талабына сай жаңа мамандықтар ашылды. Роботтандыру жақсы үрдіс, бірақ, биотехнологияны да назардан тыс қалдырмаған жөн деп есептейді спикер.

«Білім саласына алаңдаушылық білдірмейміз десек те, шешімін таппаған сұрақтар бар. Бір ғана Қостанай облысын мысалға алайық. Қазіргі кезде көршілес Ресейге білім алу үшін қоныс аударып жатқан жастарымыз көбейді. Оларға кінә арта алмаймыз. Өйткені, өздерінің әлеуеттерін ашатын тетіктерді көрші елден іздейді. Осы сұрақ бізді көбірек қынжылтады әрі толғандырады. Мына, біз елімізде де сапалы білім беретін оқу орындары бар екенін түсіндірсек, ешкім сырт жаққа кетпейді. Тіпті, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы қолға алынған жобаларды көбі білмейді. Астана хаб пен түрлі стартаптар бар, Назарбаев университетінде жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Қықсасы, жастар өз жерімізде тиімді жобалардың барын білсе екен дейміз. Осындай жаңалықтарды өз жастарымызға түсіндіру үшін елдің өңірлерін аралап жүрміз», - деп бөлісті саясаттанушы.

null 

Соңғы жаңалықтар