Саябақтағы у-шу: Алматы тұрғыны министрге шағымданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа онлайн есеп беру барысында Алматының «Жұлдыз» шағын ауданында қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беруі барысында Алматы қаласы «Жұлдыз» шағын ауданының тұрғыны жаңадан салынған саябақ түнде айғай-шуға толы болып, тыныштықты бұзатындығына шағымданды.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласы ұлғайып кетті. Бұл – саябақтар, гүлзарлар жаңадан салынып, жарықтандыру тартылған жаңа шағын аудандардың бірі. Ең алдымен, азаматтардың, балалардың, аталған аудан тұрғындарының қаупсіздігі басты мәселе болуы тиіс. Сондықтан Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығына бұл мәселені бақылауға алып, ол жерде полиция кезекшілігін күшейтуді тапсырамын. Аталған саябақта тәртіп болуы үшін видеокамералар орнату қажет»,- деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар