27.06.2022 15:56 Жамбыл облысының Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды ЖУАЛЫ. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Алижанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.06.2022 14:36 Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Т. Рысқұлов ауданының әкімі болып Есіркепов Ернар Серікәліұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.06.2022 12:38 Жамбыл облыстық Жұмыспен қамту басқармасына жаңа басшы тағайындалды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2022 19:11 Жамбыл облысындағы балалар үйінің түлектеріне пәтер кілті табыс етілді ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.06.2022 10:13 Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Еркін Үйсімбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.05.2022 09:44 Таразда заманауи оқушылар сарайы ашылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2022 12:04 Жамбылда жаяу адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші ұсталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ізін суытпай ұсталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2022 11:56 Жамбылда зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында өрт қойылған үйден зорлық-зомбылықтың белгілері бар әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2022 11:46 Жамбыл облысы Меркі ауданына жаңа әкім тағайындалды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Меркі ауданының әкімі болып Жорабек Баубеков тағайындалды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.05.2022 13:56 Жамбыл облысының әкімі ауызсу, газбен қамтуды 3 жылда аяқтауды тапсырды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындарды таза ауызсумен және табиғи газбен қамтуды 2025 жылы толық аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.05.2022 08:38 Жамбыл облысында биыл жол жөндеуге 16,2 млрд теңге бөлінеді ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл Жамбыл облысында жолдарды жаңғырту мен жөндеуге 16,2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.05.2022 05:17 Жамбылдық жастарға биыл жеңілдетілген баспана несиесі беріледі ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Алайда оның өзіндік талаптары болады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.05.2022 01:52 Алтын өндіретін компаниядан 4 тоннадай металл ұрлаған қызметкерлер ұсталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алтын өндіретін компаниядан 4 тоннадай мыс ұрланған,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2022 23:18 Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды Тараз. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2022 19:53 Жамбылдағы жол апатынан зардап шеккен өзбекстандықтар үшін жедел желі іске қосылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында болған ірі жол апатына қатысты жедел желі телефондары қосылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2022 19:18 Жамбылда автобус пен трактор соқтығысып, екі адам қаза тапты Тараз. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 12 мамыр күні сағат 15.50 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 571-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2022 09:09 Қоғамдық штаб Жамбыл облысын аралап, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіреді ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Конституциялық референдумды қолдау жөнінде 47 адамнан тұратын қоғамдық штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2022 17:41 Шуда тәртіп сақшыларын жабыла ұрғандардың арасында қыздар да бар ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Шу ауданында полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған 13 адам полицияға жеткізілді. Олардың арасында 2 қыз да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2022 11:48 Бауыржан Момышұлының Ресейдегі құпия құжаттары оның немере інісіне табысталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жақында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Ресей Мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих архивінде «құпия» белгісімен сақталған Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құжаттарды оның немере інісі Бекет Момынқұлға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2022 11:15 Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ арсеналы табылды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақтарды іздеп-табу жұмыстарын күн сайын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.