Сауытбек Әбдіраxманов сайлау мен таңдаудың айырмашылығын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда терминдерді аудару мәселесі талқыланды. Осы орайда депутат Сауытбек Әбдіраxманов "сайлау" мен "таңдау" сияқты сөздердің аудармасына тоқталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын қазақ жерінде аға-сұлтан мен болыс сайлауы ұйымдастырылған. Кеңестер кезінде де жоғарғы кеңес депутаттарының сайлауы болды. Ал өткен ғасырда осы сөзге басқа реңк берілді.

"Оны саяси тұрғыда өте ақылды адамдар жасады. "Сайлау" сөзі әрі "выборы", әрі "избрание". Кеңестік идеология осы дефиницияның "избрание" мағынасына көбірек салмақ салды. Сөйтіп, сайлауды белгілі лауазымды қызметке көтермелеу, марапаттау ыңғайына келтірді. Мәселен, "избрание депутатов верxовного совета" деген ыңғайға келтірді. Өйткені ол кезде орталық комитетте келісілген тізім бойынша сайланатындығы анық еді. Бір кандидат, сол адамға дауыс беріледі. Сол кезде бір адамнан қалай таңдау болады. Бір адамнан бір адам таңдау мүмкін емес. Сол кезде "избрание" - "жоғары көтермелеп марапаттау, үлкен лауазым беру" тұрғысына келді. Ал тәуелсіздік жылдары қайта құрудан кейін "выборы" сөзінің "таңдау" деген мағынасы ашыла бастады. Бірақ әлі де толық ашылған жоқ. Негізі, "выборы" деген сөздің өз мағынасы - "таңдау". Міне, терминді қалай алуға және қалай түсінуге байланысты қандай үлкен ұғымдардың қалыптасатынына нақты мысал", - деді С.Әбдіраxманов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында профессор Шерубай Құрманбайұлы терминологияның өзекті мәселелерін атап өтті. Осы орайда ғалым терминкомның құзіретін күшейту керек деп санайды.

Бұдан бөлек, терминдерді таңдағанда басшылықтың беделі басым болып кетеді.

Ал Аxмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек терминология сөздіктерін шығару жоспарлары туралы айтты.

Асығыс аударылған терминдер де жарияланды.

Соңғы жаңалықтар