Сауран, Сығанақ, Отырар қалалары Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Қазақстан тарихи-мәдени ескерткіштерін Дүниежүзілік мұралар тізіміне кіргізу үшін бірлесіп әрекет етіп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдени ескерткіштерін дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы-Ферғана-Сырдария дәлізі» атты трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша номинациялық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүріп жатыр», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжат қабылданса Қазақстан аумағындағы 6 ірі нысан осы тізімге қосылуы керек.

«Қазақстан аумағына Сауран, Жетіасар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Күлтөбе-Яссы сияқты обьектілер кіреді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында да 20 іс-шара өтті», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Соңғы жаңалықтар