+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Сауран ауданының үш ауылдық округінде әкімдерге дауыс беріліп жатыр

2021 жылғы 25 шілде 13:08
Бөлісіңіз:
Сауран ауданының үш ауылдық округінде әкімдерге дауыс беріліп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданындағы үш ауылдық округте әкімдерді сайлау өтуде.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан полицейі көпірден секірмек болған әйелді құтқарды Түркістан облысында жол апатынан 6 адам қаза болды Елорда әкімі үлескерлер мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Ауыл тұрғындары көпшіліктің мүддесіне сай қызмет ететiн азаматты таңдау үшін сайлау учаскелеріне ағылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы Үш қайық ауылдық округіне әкім болуға екі үміткер тіркеліп, бақтарын сынауда. Төрт елді мекеннен тұратын ауылдық округте 7 мыңға тарта халық тұрса, оның 2896-сы сайлауда дауыс беруде. Облыс орталығындағы сайлау комиссиясының мәліметінше, күндізгі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 42%-ы келген. Бұл - 111 829 азаматты құрайды.

Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 5 243 (50 %), Кентау қаласында – 3 014 (36 %), Бәйдібек ауданында – 1 139 (29 %), Жетісай ауданында – 1 2 065 (44 %), Қазығұрт ауданында – 9 947 (50 %), Келес ауданында – 8 879 (29 %), Мақтаарал ауданында – 7 639 (46 %), Ордабасы ауданында – 3 822 (51 %), Отырар ауданында – 6 508 (51 %), Сайрам ауданында –7 152 (44%), Сарыағаш ауданында –20 884 (39 %), Сауран ауданында – 3 380 (42 %), Созақ ауданында – 9 255 (53%), Төлеби ауданында – 9 087 (41 %), Түлкібас ауданында – 3 114 (36 %), Шардара ауданында – 701 (55 %) азамат дауыс берген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT