Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне орала бастады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сауран ауданының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне орала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Қазіргі таңда кей аймақтарда су арнасын бұру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше 200-ге жуық аула судан тазартылған. Жалпы 85 аула аумағынан 197 текше метр су шығарылды.

Төтенше жағдай министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басу салдарын болдырмау және азайту мақсатында аула аумақтарынан суды сорып шығару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде ауыл аймақтардағы жол жиектеріне барлығы 15 000 астам құм салынған қап қойылған.

Айта кетейік, Түркістан облысында жауға нөсер мен қардың еруі салдарынан бірнеше елді мекенді су басып қалды. Өңірде жедел желі іске қосылды. Сауран ауданында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті.

Кейін Қызылорда мен Түркістан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан автомобиль жолдарының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.


Фото: t.me/qr_tjm



Соңғы жаңалықтар