Саундтрек кеші: Елбасы қорының лауреаттары ерекше концерт қойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Тұңғыш Президент қорының лауреаттары танымал саундтректер мен заманауи әндердің ерекше симбиозын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы Опера және балет театрының сахнасында ҚР Тұңғыш Президенті қоры лауреаттарының «Жүректегі арманмен заңғарға самғайық» атты концерт өткізді.null

Қордың баспасөз қызметі хабарлағандай, ән мен музыка салтанат құрған кеште әлемге танымал классикалық туындылар орындалды. Сахнада Джастин Гурвиц, Төлеген Мұхамеджанов, Джеймс Хорнер, Джо Хисаиши, Леонард Бернстайн, Әділжан Толықпаев, Әбілқайыр Жарасқан, Эдуард Артемьев, Ханс Циммер сияқты композиторлардың кинодағы танымал саундтректері шырқалды. Сонымен қатар, өнерпаздар «Ла-Ла Лэнд», «Троя», «Вестсайд оқиғасы», «Шиндлер тізімі», «Гладиатор», «Көшбасшы жолы» киноларындағы құлаққа жағымды әуендерді орындады.null

Биылғы концерт Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Жастар жылына арналды.

«Бұл - шығармашыл жастарға арналған мастер-класс десе болады. Жастар өсіп келе жатқан өскелең музыканттарға сахнада қалай өнер көрсету керектігін көрсетті», - деп мәлім етті қордан.null

Өнерпаздардың көпшілігі Абай атындағы опера және балет театрының сахнасына бірінші рет шығып отыр. Жастардың жүрек толқынысын басуға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, тенор Медет Чотабаев, пианист-концертмейстер Гаухар Тасбергенова, сыбызғышы Жібек Сапарғалиева, Қазақстанның алтын виолончелі Ермек Құрманаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сопрано Бибігүл Жанұзақ, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, «Астана Операның» бірінші скрипкашысы Қаламқас Жұмабаева көмектесті.

Сонымен қатар, кеште Ахмет Жұбанов атындағы мектеп-интернаттың хоры жұртшылықты тәнті етті.null null

null null

Соңғы жаңалықтар