Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәулетші Норман Фостерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік

және прогресс сыйлығы берілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Жарлық

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 12 желтоқсан

№ 978

Соңғы жаңалықтар