Сәулет, құрылыс саласындағы әкімшілік заңбұзушылықтар 17% өскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар көрсеткіші артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында жоғарыда аталған сала бойынша 2,9 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ға артық.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың 38,5% нысандар мен кешендерді салу бабы немесе сараптамадан өтпеген жобалау құжаттамасы бойынша тіркелген.

Салада 1,1 мың құқық бұзушылық (жыл ішінде 15,1%-ға жоғары) бар.

Одан әрі техникалық және авторлық қадағалаусыз құрылысты жүзеге асыру бабы (636 құқық бұзушылық, бір жылда 74,2%) және ҚР заңнамасының және мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмысын орындау бабымен (261 құқық бұзушылық, өткен жылға қарағанда 3,6%-ға артық) тіркеліп отыр.

Өңірлер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың 19,5% Алматыда тіркелді.

Жыл бойы 564 жағдай, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62,1%-ға артық.

Одан кейін ШҚО (429 құқық бұзушылық, минус 18,1%) және Шымкент қаласы (382 құқық бұзушылық, жылдық өсім - 4,1 есе) тұр.

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласында құқық бұзушылықтың ең төмен көрсеткіші Жетісу, Қызылорда және СҚО-да тіркелді.

Ал Абай және Ұлытау облыстарында әлі күнге бір де бір жағдай тіркелген жоқ.

Биыл тіркелген 2,9 мың құқық бұзушылықтың 2,8 мыңы қаралды. Өткен жылмен салыстырғанда 25,2%-ға көп. 64 жағдай бойынша іс тоқтатылды (минус 25,6%).

Сондай-ақ, 46 іс бойынша ескерту берілді және 2,7 мың құқық бұзушылық жағдайына қатысты әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінде Қазақстанда қала құрылысы кодексі әзірленіп жатыр. Аталған құжатты даярлау барысында қоғамдық тыңдау өтеді. Ол туралы ҚР ИИДМ хабарлады.

Әр қала бойынша жер учаскелерінің функционалдық интерактивті карталары және коммуналдық желілердің схемалары құрылады.

Осыған байланысты жер кадастрында өнеркәсіптік мақсаттағы учаскелердің карталары көлік және коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен толықтырылмақ.

Сол сияқты аталған министрліктің қалаларды кешенді салу стандартын әзірлегенін атап өткен жөн.


Соңғы жаңалықтар