Сәуле Рахметуллина: Саяси жүйедегі өзгерістер биліктің бүкіл тармағын қамтып отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ проректоры Сәуле Рахметуллина Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуының жаңа саяси бағыты ҚР Президентінің бүгін өткен Қазақстан халқына Жолдауының басты тақырыбына айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғаларға баға бере отырып, елдің саяси дамуының жаңа моделін ұсынды. Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер, бірінші кезекте, билік пен мемлекеттік басқару институттарына қатысты. Бұл жерде биліктің барлық тармағының, соның ішінде Президент өкілеттігіне қатысты ҚР заңнамасындағы өзгерістер маңызды қадам», - деді Сәуле Рахметуллина.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер Мәжілістің төменгі палатасы атынан заң шығару билігін нығайтуға ықпал етуге тиіс.

«Республиканың сайлау жүйесі жөніндегі заңдарға елеулі түзетулер енгізілетіні құба-құп. Мұнда депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік беретін аралас сайлау жүйесіне практикалық көшу көзделіп отыр. Облыстар мен қалалар әкімдерінің қызметіндегі өзгерістерге, енді сайлау және қызметке тағайындау мәселелеріне қатысты мәслихаттар атынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына үлкен рөл бөлінді. Осы және басқа да өзгерістердің барлығы, сайып келгенде, біздің мемлекеттегі билікті орталықсыздандыруға, мемлекеттіліктің жаңа нысаны - күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшуге бағытталған», - дейді проректор.

Оның сөзінше, билікті орталықсыздандыру өңірлердің өздерінің, олардың тұрғындарының өзекті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Бұл нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейінің артуына ықпал етеді.

«Маңызды саяси өзгерістер барлық қазақстандықтарға, олардың мәртебесіне, қоғам мен мемлекеттегі жағдайына қарамастан, қатысты деп ойлаймын. Әркім өзінен бастауы керек. Мемлекетіміздің болашағы тек реформалармен ғана емес, Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің азаматтық ұстанымымызбен де айқындалады. Еліміздің тәуелсіздігі – болашақ қазақстандықтар үшін сақтауға тиіс басты құндылық», - деді С.Рахметуллина.


Соңғы жаңалықтар