Сәуле Қисықова инфекцияға тест алатын зертханалардың жағдай туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала тұрғындары коронавирус инфекциясына жаппай тест тапсыра бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыста әріптесі індет жұқтырғанын естіген кезде жаппай ұжыммен, тұтас отбасылар анализ тапсыруға барады. Осы арқылы зертханалық қызметтерге үлкен жүктеме түсіруде», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, осының салдарынан тест тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұрып жатады.

«Зертханалар тәулік бойы жұмыс істеуде, сәйкесінше, аппараттар да істен шығып жатыр. Санитарлық нормалар бар, осы орайда зертханалар тиісті уақытта санитарлық шаралармен қамтылуы керек. Сондықтан дүрбелең тудырмауға шақырамыз. Біз таратқан нұсқауларды ұстануға кеңес береміз», - деді Сәуле Қисықова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада 20-дан астам вирусолог коронавирус жұқтырды.

«Зертхананың 20-дан астам қызметкері індет жұқтырды. Олар күні-түні тәулік бойы жұмыс істеді. Олар да адамдар, робот емес, үнемі вирус ошағында жүр», – деді Сәуле Қисықова.


Соңғы жаңалықтар