+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сауль Альварестің допинг сынамасынан тыйым салынған препарат табылды

2018 жылғы 6 наурыз 10:13
Бөлісіңіз:
Сауль Альварестің допинг сынамасынан тыйым салынған препарат табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше мексикалық боксшы Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» ХАА.

Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растап отыр. Бұл мәліметті шетелдік ақпарат құралдары таратты.

Солт-Лейк-Ситидегі WADA-ға (Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі) аккредиттелген SMRTL зертханасының директоры Дэниель Айкнер оқиғаға қатысты жазбаша түрде пікір білдірді.

«Анықталған препарат белгіленген диапазоннан аспайды, тағамға қосылған еттің құрамында болуы мүмкін», - деп жазылған оның хабарламасында.

Бұл оқиғаға қатысты Головкин мен Альварестің 5 мамырдағы жекпе-жегі тоқтатылмауы мүмкін. Альварес тарапы тыйым салынған препараттың боксшы жеген еттен келгенін айтып ақталып отыр.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес кездесуі VADA қолдауымен WBC енгізген «Таза бокс» бағдарламасының аясында өтуі тиіс.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT