Сауль Альварес: «Головкиннен жеңілмеймін, ол менен басым түсе алмайды»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинмен 155 фунт аралық салмақта жұдырықтасу шешімін өзгертпейтінін мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.

«Мен орта салмақтағы спортшы емеспін. Мен бірінші орта салмақ дәрежесіндегі боксшымын. Бұл жолы мен қандай да бір титул үшін бірінші орташа салмақта жұдырықтасқым келді. Көп жағдайда шегініп, көп басымдықты беріп қойдым. Ендігі мен істемейтін жалғыз нәрсе - GGG-дан жеңіліп, немесе оған қандай да бір басымдықтар бермеу. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға бола ма? Ол болады. Бірақ талаптары дұрыс болуы тиіс. Мен де, ол да өзімізді жайлы сезінуіміз керек. Жұдырықтасу биыл өте ме? Оны білмеймін, өз жекпе-жектерімді өткізу бойынша келіссөздер жүргізбеймін. Бірақ оның барлық талаптары мен бөліктері дұрыс болса, айқасты өткізейік», - деген «Канелоның» сөздерін келтіреді The Ring.

Соңғы жаңалықтар