Сауль Альварес ауруxанаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің тізесіне ота жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшы өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында фотосын және жасалған отаға түсінік берді. Оның сөзіне қарағанда, шеміршекті қалпына келтіру үшін тізенің артроскопиясы жасалған. Ондайда аяққа көп зақым келмейді. Себебі теріні сәл кесіп, сол арқылы артроскоппен ота жасалады. "3-4 аптадан кейін құлан-таза жазылып шығамын", - деп жазды С.Альварес.

Ал мексикалық боксшының промоутері Эрик Гоместің айтуынша, Альварестің тізесінде ісік болған. Ота кезінде соны алып тастады. "Бұл жарақат емес. Головкинге қарсы жекпе-жек өтпейтін болғаннан кейін ота жасауға шешім қабылданды. Әйтпесе, Саульдың мазасы кетіп жүрген. 5 мамырда реванш болған күнде де ол бокстасуға дайын еді. Тізесіне қатты зақым келмеген", - деді Э.Гомес.

Айта кетейік, наурыздың басында Сауль Альварес "кленбутерол" атты допинг қолданғаны үшін айыпталды. Себебі ақпан айындағы екі сынамасы оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін АҚШ-тың Невада штатының атлетикалық комиссиясы оған жекпе-жектерге қатысуға тыйым салды. 18 сәуірде негізгі тыңдаулар өтеді. Сол кезде мексикалық боксшы допингті әдейі қолданбағанын дәлелдеуі тиіс. Тыңдаулар әлі өтпесе де, Сауль Альварестің командасы 5 мамыр күнгі реванштан бас тартты. Геннадий Головкин болса, осы күнге қарсылас таба алмай жүр. 

Соңғы жаңалықтар