Сәуірдің соңында Алматыда коронавирустан жазылатындар саны артады - Әсел Бисенбаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева осы айдың соңында коронавирустан сауығып үйне шығатындардың саны артатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні біз диагностикалық жұмыстарды заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып жүргіземіз. ПТР диагностикасы енгізілуде, қазіргі уақытта бұл жұмысқа алты зертхана тартылған, олардың екеуі жекеменшік. Әрине, біз ПТР құрылғылары бар зертханаларды жұмылдырамыз. Осы әдіс бойынша 39 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Экспресс-диагностика бойынша 19,5 мыңнан астам зерттеу жасалды»,– деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол қалада белсенді түрде дезинфекция шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қала бойынша бір күннің ішінде 8 мыңнан астам кіреберіске, 1300 үй алаңдарында дезинфекция жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығына 458 адам жұмылдырылды. Бұдан бөлек, қорғаныс қызметінің адамдары көшелерді, аялдамаларды, қоғамдық орындарды залалсыздандыруда.

Өз кезегінде, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева осы айдың соңында індеттен сауығып үйлеріне шығатындардың саны артатын тілге тиек етті.

«Алматы қаласы бойынша індеттен 90 адам жазылды. Науқастарды жаппай қабылдау 12 сәуірден басталды. Олар міндетті түрде 14 күндік емдеу курсын қабылдайды. Сәуір айының 28-29 күндері тест нәтижиелері шығады. Соған қарап пациентерді үйіне шығарамыз. Жазылғандардың саны артады деп күтілуде»,– деді ол.


Соңғы жаңалықтар