Jańalyqtar
Сәуірдің соңына дейін Алматыға 400 мыңға жуық доза вакцина жеткізіледі
2021 жылғы 9 сәуір 13:35
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сәуір айында Алматыға шамамен 400 мың доза вакциналар жеткізіледі деп күтілуде. Мұндай деректерді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматыда вакцинация басталғалы 68650 вакцина келді. Екпені 49160 адам салдырды. Қазір қалада 19 490 вакцина бар. Бізге 13 сәуірге дейін 69 мың вакцина келу керек. Айдың соғына дейін тағы 300 мыңнан астам вакцина алу жоспарланып отыр. Бұл сан әлі нақтыланатын болады, қазір арнайы штаб құрылды. Бұл дозалардың барлығы вакцинация пункттеріне таратылады», - деді Нариман Табынбаев ОКҚ өткен брифингте.
Бұған дейін, Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудың алгоритмі түсіндірілген болатын.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды
- QazCovid-in жасаған ғалым: Біз вакцинаның зиянсыз екеніне кепілдік бере аламыз
- Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
- Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
-
Алматының сауда, ойын-сауық орталықтарында 55 адам вакциналанды
-
16 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER