Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар да вакцина алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», - деді Ерлан Қиясов.

Оның айтуынша, егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген екен. Яғни, бастапқы кезеңге жатқызылған топтың ішінде жасы 70-тен асқан медицина қыметкерлері де болған.

«Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», - бас санитар Ерлан Қиясов.


Соңғы жаңалықтар