Сәуірден бастап медициналық ұйымдар электрондық құжатқа көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы сәуірден бастап автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдар пациенттердің амбулаториялық картасын қоспағанда қағаз жүзінде құжат толтыруды тоқтатады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

«Медициналық статистикалық мәліметтердің есепке алынуы еліміздің барлық медициналық ұйымдарында «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде құжаттар қолмен қағаз жүзінде толтырылады, одан кейін жиналған мәліметтер республикада денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, ұйымдардағы медициналық қызметкерлердің жұмыс орны толығымен дербес компьютерлермен және принтерлермен қамтамасыз етілген жағдайда бастапқы есеп құжаттарын қолмен толтыру қажет болмайды. Сонымен қатар, есептік құжаттарды орта медициналық қызметкерлері толтырады», - делінген ведомство мәліметінде.

Белгілі болғандай, электрондық құжат айналымына өту үрдісі қосымша қаржыны қажет етпейді, бірақ медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қаражат керек. Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы медициналық ұйымдардың техникалық қамтамасыз етілуі солардың есебінен жүргізілетінін атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар