Сәуірде коронавирусқа вакцина алатын контингент кеңейтілмек
«Республикада коронавирус инфекциясына қатысты вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінде бірінші компонентпен 83 839 адамға екпе жасалды. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен вакцинациялау басталды. 19 312 адам екпе алды. Қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. 628 екпе пункті құрылған. Оның 451-і жұмыс істеп тұр. Барлығы да вакцинаны салқын жерде ұстауға қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, наурыз айының соңына дейін елімізде «Спутник V» вакцинаның 150 мың дозасы жеткізілетін болады. Олар еліміздің барлық өңіріне 1 сәуірге дейін бөлініп беріледі.
«Осыған байланысты сәуірде коронавирусқа қарсы иммундауға жататын контингенттің кеңейетіндігі күтіліп отыр», - деді Ерлан Қиясов.