Сәуір айының соңында күн оңтүстік өңірлерде +30 градусқа дейін ысиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуір айында барикалық құрылымдардың жиі ауысуымен және атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, жел және температураның ауытқуы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бірінші онкүндіктің басында еліміздің солтүстік жартысында ауа райы түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С болады. Оңтүстік жартысында түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, оңтүстік өңірдің өзге аймақтарында +28°С.

Онкүндіктің ортасына таман Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -3-8°С, күндіз +2+10°C болады. Онкүндіктің соңында елдің оңтүстік жартысына антициклон ықпал етіп, ауа температурасы төмендейді. Түнде термометр бағаны +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстігінде 22°С-қа дейін төмендейді.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында күн суыта түседі: елдің солтүстік жартысында түнде -3 +7°С, күндіз +2+13°С; оңтүстік жартысында түнде 0, +10°, күндіз + 12 +22°.

Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массаларының келуінен ауа температурасы күндіз солтүстік өңірлерде +17+22°С, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін жылиды.

«Ескерту: сәуір айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар