Сәуір айында инфляция 0,5 пайызды құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сәуірде айлық инфляция 0,5 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылғы сәуірде айлық инфляция 0,5 пайызды құрады. Жылдық инфляция 2019 жылға арналған 4-6 пайыздық нысаналы дәліз шегінде тұрақтанды және сәуір айының қорытындысы бойынша 4,9 пайыз деңгейде қалыптасты», - деді ол.

ҰБ төрағасының айтуынша, төмен инфляцияға жылдық көрсету бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарларға бағаның 6 және ақылы қызметтерге тарифтердің 1,2 пайызға дейін өсуінің баяулауы ықпал етті. Бұл ретте азық-түлік сегментіндегі 7,1 пайызға өскен бағаны тұрақтандыру үшін Үкіметтің жүйелі шараларын күшейту қажет.

«Инфляцияның ағымдағы деңгейін және инфляциялық күтулерді ескере отырып, базалық мөлшерлеме 9 пайызға дейін төмендетілді және дәліз +/-1 пайыздық тармақ шегінде сақталды. Инфляцияның тұрақтануы және қаржы-несие саясатының жұмсаруы кредиттердің қолжетімділігінің артуын қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылғы наурызда бизнеске арналған теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме өткен жылғы наурыздағы 12,8 пайызбен салыстырғанда 12 пайызға дейін төмендетілді. Оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша - 12,1, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша - 11,5 пайызға дейін», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар