Саудиялық ханзада мұнайдың таусылатынын ескертіп, балама қуат көздеріне мән беруді ұсынады

None
None
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Саудиялық ханзада әрі тасы өрге домалаған кәсіпкер әл-Уәлид бин Талал Твиттер әлеуметтік желісі арқылы осы елдің мұнай министрі Әлі әл-Наимге ашық хат жолдады. Бұл хат билік басындағы барлық азаматтарға арналған десе де болады. Онда ел экономикасын әртараптандыру мәселесі төтесінен қойылған.

«Король Абдолланың жиені өз жолдауында ел бюджетінің бүйірі тек мұнайдан түскен табыстан шығып отырғанын тілге тиек еткен. Санмен өрнектегенде Сауд Арабиясы бюджетінің 92 пайызы тек мұнайдан түскен пайдадан құралады екен. Бұған қоса, ОПЕК-ке мүше елдерде өндірілетін мұнайға деген сұраныс дамыған мемлекеттерде қатпарлы газға (табиғи газға қарағанда өндірілуі әлдеқайда қиын болғанына қарамастан оның қоры айтарлықтай мол) байланысты күрт төмендеп кететін көрінеді», - деп жазады muslim.kz сайты.

Айтылған мәселеге орай ханзада ерте бастан қамданып, ел экономикасын реформалау туралы мәселе көтерген. Соның ішінде, күн және ядролық қуат көздерін дамыта отырып, ішкі нарықта мұнайдың үлесін азайтуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, ханзада мұнайды сатудан түскен валюталық қорды басқару үшін тәуелсіз қор құрудың қажеттілігіне тоқталған. Аталмыш қордың мөлшері 2013 жылы 676 млрд. долларға жеткен болатын. Әлемдегі қалтасы қалың миллиардерлердің аты-жөнін жыл сайын жариялап отыратын Forbes журналының тізімінде әл-Уәлид бин Талал 26-шы орынға табан тіреген екен. Оның дәулеті 20 млрд долларға бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар