Saudi Aramco сәуірде мұнай жеткізілімін тәулігіне 12,3 млн баррельге дейін көбейтпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Saudi Aramco сәуірде мұнай жеткізілімін тәулігіне 12,3 млн баррельге дейін арттырады, бұл компанияның өндірістік қуаттылығынан 300 мың баррельге жоғары, деп хабарлайды Reuters агенттігі компания басшысы Амин Нассерге сілтеме жасап.

Әлі күнге дейін корольдік өндірісті тәулігіне 9,7 миллион баррель деңгейінде ұстап келген еді.

Еске сала кетейік , Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар болды.

Ал сейсенбі күні мұнай бағасы 6 пайызға өсті.


Соңғы жаңалықтар