+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сауда жасайтын шетелдік интернет-компаниялар ҚР бюджетіне салық төлейді

2021 жылғы 26 қараша 11:16
Бөлісіңіз:
Сауда жасайтын шетелдік интернет-компаниялар ҚР бюджетіне салық төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің Қазақстан аумағында орналасқан жеке тұлғаларға сатылған тауарлары, көрсетілген қызметтері үшін шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мобильді аударымдарға салық салу: Қаржы министрлігі түсініктеме берді Мобильдік ақша аударымдарын бақылау: Мемлекеттік кірістер комитетінің түсінігі

Ұлттық экономика министрлігінен мәлім еткендей, қызметтері мен тауарларын онлайн платформалар арқылы сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне ҚҚС төлеуге міндетті болады.

Айта кетейік, ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12% құрайды. Мұның қазақстандық салық төлеушілерге қатысы жоқ.

«Төлем тәртібі өте қарапайым. Компаниялар салық салу мақсатында тіркелмейді. Оңайлатылған тәртіпте салық органдарына хат жолдап, ҚҚС төлеуге дайын екендігі туралы хабарлайды», - деді ҰЭМ вице-министрі Азамат Амрин.

Әкімшілендіру шетелдік интернет-компаниялар аударған сомалар туралы екінші деңгейлі банктердің деректері негізінде жүзеге асырылады.

Әкімшілік мақсаттар үшін төлем жүйелерін пайдалана отырып, төлемді және/немесе ақша аударымын алушы ретінде шетелдік компанияны сәйкестендіретін белгілердің бірегей жиынтығы болып табылатын Merchant ID немесе MID ұғымын белгілеу ұсынылады.

Merchant ID шетелдік интернет-компаниялар беретін реквизиттердің бірі болып табылады. Ол бойынша банктер тиісті төлемдер мен ақша аударымдарын сәйкестендіреді.

Бұл – халықаралық практика. Мәселені қарастыру кезінде халықаралық, Еуропа елдерінің де, таяу көршілеріміз Ресей мен Беларусьтің де тәжірибесі зерттелген.

ҰЭМ-нің болжамынша, осы ҚҚС салығы есебінен бюджетке жылына 2 млрд теңге түседі.

Еске салсақ, 2021 жылғы 25 қарашада Сенат Салық кодексіне интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салық енгізуді қарастыратын түзетулерді қабылдаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT