Сауда үйі мен әкімдікті «жарып жібермек» болған қарағандылық ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы барлық жедел қызметтерді дүрліктірген 39 жасар азамат ұсталды. Ол облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жарылыс ұйымдастырамын деп қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 тамыз күні сағат 12.13 шамасында 102 телефонына белгісіз азамат хабарласып, қаладағы «City mall» сауда үйін жарып жіберемін деп қорқытқан.

Облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен оқиға орыны қоршауға алынып, ғимараттан 240 адам сыртқа шығарылды. Бір сағат өткеннен кейін, белгісіз азамат 102 телефонына қайта қоңырау шалып, облыстық әкімдіктің ғимаратына жарылғыш зат қойғаны туралы хабарлады.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Ізін сутпай» аталған іске қатысы бар деген күдікпен 39-жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталып одан қоңырау шалған телефон тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен екі ғимаратта тексеріліп, жарылғыш зат анықталған жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273- бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар