+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Сауда орталықтарында ет сату талаптары сақталмайды – агенттік

2019 жылғы 21 тамыз 09:35
Бөлісіңіз:
Сауда орталықтарында ет сату талаптары сақталмайды – агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының сауда орталықтарында ет өнімдерін сату бойынша көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша арнайы мониторинг тобы хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша кеңейтілген кеңес өтті Қайтыс болған мүгедек жанның көмекшісіне жарты жыл ақша төленіп келген Ақтөбеде экономикалық тергеу департаментінің 2 қызметкері парамен ұсталды

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысы бойынша арнайы мониторингтік топ мүшелері «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп Көкшетау қаласының сауда орталықтарындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін жүзеге асыруда санитарлық нормалардың ұстанылуына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жұмыс тобының мүшелері тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бірнеше мәрте бұзылғандығын анықтады. Мысалға, сауда орталықтарындағы ет сақтауға арналған мұздатқыш камералар қажеттілік туған кезде жуылмайды. Сиыр етін сақтау үшін осындай камералардың ішінде қорғаныс қақпақшалары жоқ шамдар қолданылады. Бұл ет өнімдеріне әйнек сияқты қауіпті қалдықтардың түсуінен қорғамайды. Сонымен қатар, температура өлшеу үшін қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларының жоқтығы анықталды. Етті сатылымға шығаруға қажетті сөрелер немесе витриналар да жоқ екен.

Мұздатылған етті сату шарттары сақталмайды. Етті түпқоймасыз, жерде сақтайтын жағдайлар да анықталды. Ет шабатын бөлмеде қол жууға арналған шұңғылшалар орнатылмаған.



Ет тасымалдау қызметіне қатысты да көптеген ескертулер жасалды. Арнайы транспорттық құрал болмағандықтан ет жеңіл автокөлікпен тасымалданады. Көліктің ішкі жоғарғы қабаты тазаланбайтын, жуылмайтын және зарарсыздандырылмайтын, азық өнімдерін ластанудан, жануарлардың, кеміргіштер мен құрт-құмырсқалардың кіруінен сақтамайтын материалдан жасалған.

Сонымен қатар жұмысшылардың алжапқыштан басқа арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмейтіні анықталды. Жеке және арнайы киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін бөлме қарастырылмаған.

Өткізілген мониторинг қорытындысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелері сауда орталықтарының иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жиналыс өткізіп, осындай заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мәселесін талқылау жоспарланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT