Сауда орталығы балаларға жаңажылдық сыйлыққа өсімдік майы мен қант таратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар «Grand Park» сауда үйінде өткен жаңа жылдық шыршаға наразылық білдіріп жатыр. Балаларға сыйлық ретінде 1 литрлік сұйық май мен 1 қапшық қант берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерекше сыйлық» қала тұрғындары арасында наразылық тудырды. Алайда, әкімдіктің баспасөз қызметі бұл шыршаға қатысы жоқтығын мәлім еткен. «Қалалық немесе аудандық әкімдіктің бұл шыршаға қатысы жоқ. Әкімнің шыршасы үнемі цирк ғимаратында өтеді. Ал әкімдік шыршалары ешқашан сауда орталықтарында өтпейді», - деді әкімдіктегілер.

Сауда орталығының өкілдігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, мұнда 27 мың балаға арналып жаңа жылдық шырша өткізіледі.

«Grand Park басшылығы бастамасын арендаторлардың барлығы қолдады. Олардың барлығы келушілер арасында зергерлік бұйымдарын, азық-түлік, өзге де тауарларды ұтысқа ойнатады. Бұл акция келушілер арасында жақсы қабылданды. Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр»,- деді «Grand park» сауда үйінде.

Ересектер бұл сыйлыққа қуанары анық, алайда балалар қалай қабылдағаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар