Сауда-өнеркәсіп палатасына қатысты заң жобасы Мәжіліске жіберілді

None
None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар жалпы отырыста  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Сенатор Талғатбек Абайділдиннің айтуынша, заң жобасы белгілі бір тауарға берілетін сертификатты және сауда-өнеркәсіптік палата қызметін жетілдіру мақсатында әзірленген. Бұл мәселе еліміздің Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіруіне және сауда-өнеркәсіп палаталары қызметіне қатысты қолданыстағы заңнаманы бірегейлендіру мен үйлестіру қажеттігінен туындап отыр. Заң

жобасы тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру қызметін мемлекеттік органнан алып, сауда-өнеркәсіп палатасына беру шарасын қарастырады. «Өз кезегінде ол экономикалық қызмет саласында мемлекет пен мемлекеттік емес органдардың арасындағы өкілеттіктің арасын ажыратуға жағдай жасайды», - деді сенатор.

 Отырыс барысында депутаттар құжатқа редациялық және нақтылау сипатында бірқатар өзгерістер енгізу қажет деп шешіп, оны Мәжіліске қайтаруға байлам жасады.

Соңғы жаңалықтар