+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Сауда нысандарының 30% аумағына отандық тауарларды қою міндеттелді

2019 жылғы 20 тамыз 12:04
Бөлісіңіз:
Сауда нысандарының 30% аумағына отандық тауарларды қою міндеттелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр «Кентау» индустриалды аймағында 7 жоба іске қосылады Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы Корея елшісімен екі елдің сауда-саттық мәселесін талқылады

Оның сөзінше, барлық өңірде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн айтарлықтай қымбаттаған. Бағаның өсу себептері - реттелмеген өнідіріс, тиімсіз делдалдар санының көп болуы, сақтау шарттарының орындалмауы, тұтынушыға дейін кепілденген жеткізу арналарының жоқтығы болып отыр.

«Бағаны тұрақтандыру шараларына келсек, биыл 16 тамызда ішкі сауда ережесіндегі өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес, отандық өндірушілерге барлық сауда нысандарында өз тауарларын орналастыруға мүмкіндік беріледі. Ол үшін ішкі сауда субъектілері сөрелерінің кемінде 30% отандық азық-түлік тауарларына арнау керек. Бұл ретте халыққа ыңғайлы болу үшін отандық тауарлар бұрышы «Қазақстанда жасалған» арнайы белгісімен белгіленеді», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Бағаларды тұрақтандырудың тағы бір шарасы – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15%-дан асырмау.

«Одан бөлек, сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілерден сыйақы (ретро-бонус) ала алмайды, ал қалған азық-түлік тауарлары бойынша 5%-дан аспайтын мөлшерде белгілейді. Осыған байланысты, бизнес субъектілеріне аталған нормаларды орындау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта министрлік Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын әзірлеуде. Заңда жоғарыда аталған нормаларды орындау бойынша әкімдіктер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің құзіреті, ішкі сауда субъектілерінің жауапкершілігі көзделетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT