Сауда министрлігі азық-түлік бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілін ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде азық-түліктің маусымаралық бағасын тұрақтандырудың жаңа тетігін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Негізгі өзгерістер ерте пісетін көкөністерді сатып алу бағытында айналым схемасының механизмін пайдалануға қатысты болмақ. Біз Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты нарықтардың көздеп отырмыз. Тұрақтандыру кезеңі мен айналым схемасына қатысушылар анықталды. Бұл ірі және аймақтық желілер болмақ», - деді ол.

Арман Шакқалиев бұл бағытта биыл қолданылатын жаңа формула бұрынғысынан айтарлықтай ерекшеленетінін және бағаның тұрақтануына ықпалды екенін атап өтті.

«Егер бұрын бағаны базар бағасын түсір арқылы реттесек, енді «өндірушінің бағасы, үстеме шығындар мен 15% сауда үстемесі» формуласы бойынша қалыптастыруға күш салынады. Бұл форматтан күтеріміз көп. Биылғы маусымаралық баға 2022 жылғы бағамен салыстырғанда айтарлықтай төмен болады», - деді бірінші вице-министр.

Соңғы жаңалықтар