Сауда министрі азық-түлікті қымбаттатпау жолдарын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік пен тауар бағасының қымбаттамауы үшін қолға алынуы тиіс шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус пандемиясының келесі толқыны мен жаңа жыл қарсаңындағы дәстүрлі бағаның өсу қауіпін ескере отырып, бағаны тежеу бойынша мынадай шаралар қабылдау ұсынылады. Біріншіден, әкімдіктер тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік көлемі мен түрлерін қайта қарап, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды кеңейту керек. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы базасындағы бидай резервтерін қадағалауы қажет», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.

Үшіншіден, министр әкімдіктерге шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын белгілеуді ұсынды. Сондай-ақ, бағалардың негізсіз өсуін бақылап, шекті бағаның сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Бұған дейін Б. Сұлтанов азық-түліктің ең қымбат бағасы Нұр-Сұлтанда тіркелгенін айтып, шекті баға белгілеу құралын пайдаланбай отырған әкімдіктерді сынаған еді.


Соңғы жаңалықтар