Сауда министрі азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдарын ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шараны қолға алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бағаны тұрақтандыру бойынша Жол картасының шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде 12 іс-шара орындалмаған, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 9 шараны орындамаған, Сауда және интеграция министрлігі - 2, жергілікті атқарушы органдар - 1», - деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында.

Осыған байланысты Сауда министрі Үкімет басшысынан келесі тапсырмаларды беруін сұрады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне біріншіден, шұғыл түрде ай сайын өзектендіре отырып, азық-түлік тауарларының өндірісі, импорты, экспорты, қолда бар қорлар мен тұтыну теңгерімінің болжамын әзірлеу керек. Бұл, бағаның өсуіне ықпал ету факторларына уақтылы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, субсидиялар алған кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне нақты қарсы міндеттемелерін енгізуді жеделдету қажет», - дейді Б. Сұлтанов.

Сонымен бірге, әкімдіктерге форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін және «айналым схемасын» қаржыландыруды 50 млрд теңгеге дейін жеткізу ұсынылды.

«Сіздің бірінші орынбасарыңыз бұл тапсырманы бірнеше рет облыстарға жеткізді. Дегенмен ол тапсырманы орындауды пысықтау қажет. Екіншіден, сауда субъектілерінің бағаларды тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарда көзделген міндеттемелерінің орындалуын қатаң бақылауға алу қажет», - дейді Сауда және интеграция министрі.

Бұған дейін министр Қазақстанда картоптың не себепті қымбаттағанын түсіндірді және мәселені шешу жолдарын ұсынды.

Сәбіз бойынша да отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5 есе төмендеді және сәбіз тапшылығы байқалуы мүмкін.



Соңғы жаңалықтар