Сауда балансының теріс сальдосын өзгерту керек - Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин сауда балансының теріс сальдосын өзгертуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық одақ бойынша негізгі сауда серіктестерімен, сондай-ақ, Қытай және басқа да елдермен сауда балансының теріс сальдосын өзгерту қажет. Осы ретте отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттелігін арттыру керек. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстандық идустрия және экспорт орталығы құрылды. Экспорттық әлеуетті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды», - деді А.Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, трансшекаралық инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын да күшейту керек. Осы орайда көрші елдердің экономикалық өсімін де ескерген жөн.

«Мысалы, Қытай - 6,3 процент, Өзбекстан мен Тәжікстан - 5 процент, Қырғызстан - 3,8 процент, Әзербайжан - 3,4 процент, ал Ресейде 1,6 проценттік өсім болады деген болжам бар. Бұның бәрі өңірдегі сауданы одан әрі арттыруға және отандық тауарлардың осы мемлекеттердің нарықтарына шығаруға жағдай жасайды», - деп атап көрсетті А.Мамин.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Алдағы уақытта Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды.

Ал «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Аxметжан Есімов шетелде қордың активтеріне тоқтам салу мәселесін көтерді.

Соңғы жаңалықтар