Сауд Арабиясының шығысында автомобиль жарылды

None
None
АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының шығысында орналасқан Эль-Катиф қаласында автомобиль жарылды. Тілшіміздің «Аль Арабия» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстың салдарынан бейсенбі күні таң ата екі адам мерт болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандардың екеуі де осыған дейін Эль-Катиф қаласында Сауд Арабиясының қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне жасалған шабуылға қатысы болуы мүмкін.

Сауд Арабиясы Корольдігінің шығыс провинциясында шейіттер тұрады және олардың саны аса көп емес. Дүйсенбі күні бір топ содырлар Эль-Катиф округіне қарайтын ауылдардың бірінде Корольдіктің қауіпсіздік қызметінің көлігіне шабуылдады. Шабуылдың салдарынан жедел әрекет ету қызметінің бір өкілі дене жарақатын алды. Жергілікті билік өкілдері болған оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар