
2017 жылғы 8 қараша 00:02
Сауд Арабиясының ханзадасын тұтқынға алу кезінде атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының ханзадасы Абдул-Азиз бин Фадхты тұтқынға алу кезінде атып өлтірді.
Абдул-Азиз бин Фадх - 2005 жылы қайтыс болған Сауд Арабиясының королі Фахдтың алтыншы және кіші ұлы.
Бұдан бұрын Абдул-Азиз сыртқы істер министрі және премьер-министрі лауазымында болған, деп хабарлайды Daily Mail.
Әзірге жеткен ақпаратқа қарағанда, ханзада 5 қараша, жексенбі күні өзін тұтқындау кезінде алған жарақаттан көз жұмған. Абдул-Азиз қарсылық білдіруге әрекеттенген кезінде жараланған.
Еске сала кетсек, 5 қарашада, жемқорлыққа қарсы күрес комитеті Сауд Арабиясында жоғары қызметтегі шенеуніктерді, сондай-ақ 11 ханзаданы тұтқындаған болатын.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP