Сауд Арабиясының билігі журналист Джемаль Кашикчтың неден көз жұмғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі журналист Джемаль Кашикчтың елдің Ыстанбұлдағы бас консульдығында болған төбелес кезінде көз жұмғанын жариялады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлайды.

Сауд Арабиясының SPA агенттігінің деректеріне қарағанда, Корольдіктің бас прокуратурасы осы оқиғаны тексерген. Тексеру нәтижесінде журналист консульдыққа кіргеннен кейін Сауд Аравиясының басқа азаматтары арасында төбелес болған.  Нәтижесінде Джемаль Кашикчы көз жұмған.

САК Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, журналистің өліміне қатысты оқиға тергеп-тексеріліп жатыр. Қазіргі кезде 18 Сауд Арабиясының азаматы ұсталған. Және билік журалист өліміне қатысты кінәлілер міндетті түрде анықталып, жазаланатынын айтуда.

Айта кетейік, бұған дейін көптеген әлемдік БАҚ журналист Джемаль Кашикчтың 2 қазан күні жоғалып кеткенін жəне соңғы рет Сауд Арабиясының Түркиядағы Бас консульдығына кіргенін жазған. BBC-тің хабарлауынша, Джемаль консульдыққа ажырасуына байланысты бірнеше құжатты реттеу үшін барған.

Соңғы жаңалықтар