Сауд Арабиясында жолаушылар автобусы өртеніп, ондаған адам қаза тапты

None
Фото: report.az
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында қажылар мінген автобус жол апатына ұшырап, 20 адам қаза тапты, тағы 29 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Report агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Асир әкімшілік ауданында болған. Апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған. Салдарынан автобус көпірдің аралығына соғылып, өртеніп кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келді.

Барлығы умра қажылығын өтеу үшін Йеменнен келген жолаушылар болып шықты.



Соңғы жаңалықтар