Сауд Арабиясында заманауи араб каллиграфиясы бәйгесі басталды

None
None
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Мәдениет және БАҚ министрлігінің бастамасы бойынша Мәдина шаһарында «Заманауи араб каллиграфиясының форумы» деп аталатын халықаралық конкурс басталды. Жарыс «Әл-Мәдина әл-Мунаууара: каллиграфтардың көзімен» деген тақырыппен өтеді. Бұл жайында alarabiya.net ақпарат порталы хабар таратты.

muslim.kz сайтының жазуынша, Мәдина қаласының 2013 жылы ислам мәдениетінің орталығы болып белгіленуіне орай Сауд Арабиясында 2013 жылғы маусымға дейін жалғасын табатын араб каллиграфиясының халықаралық бәйгесі өтеді. Мәдениет министрінің орынбасары - Насыр бен әл-Худжейлянның сөзіне қарағанда, бұл конкурстың басты мақсаты - араб каллиграфиясын әлемге таныту әрі ежелгі өнердің тамырына қан жүгіртіп, кеңінен насихаттау.

«Бәйгеге қатысамын деп араб және мұсылман елдерінен келген шетелдік каллиграфтарға есігіміз ашық. Суреткер өзінің конкурстық еңбегінде қалауына қарай қаріп түрін таңдап, пайдалана алады. Бұған қоса, біз материалды таңдауда және көркемдік еңбектің мазмұнына шектеу қоймаймыз. Бәйгенің басты шарты - көрерменнің көңілінен шығу», - деді министрдің орынбасары.

Оның үстіне, министрдің орынбасары барлық конкурстық еңбектің жаз мезгілінде өтетін Мәдина шаһарының тарихына қатысты көрмеге қойылатынын құлағдар етті.

Соңғы жаңалықтар