Сауд Арабиясында тек әйелдер барған концерт өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы корольдігінің тарихында алғаш рет тек әйелдердің тамашалауына арналған музыкалық концерт өтті. Концерттің билеттері бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен, деп хабарлайды ТАСС .

Парсы шығанағының ең танымал вокалистерінің бірі БАӘ тумасы Бәлкис Фәтхи Сауд Арабиясындағы екінші ірі қала Джиддата концерт берді. Концерт корольдіктің күнделікті өміріндегі маңызды шаралардың бірі болумен қатар осы аптада ең қызу талқыланған оқиғалардың біріне айналды.

«Концерт басталардан он күн бұрын билеттер сатылымға шығарылды. Алты сағаттың ішінде 3 мың билеттің жартысынан астамы сатылды», - дейді концертті ұйымдастырумен айналысатын компанияның басшысы Гада Гәзави. Кейбір орындардың бағасы 2,5 мың риалға (шамамен 700 АҚШ доллары) дейін жеткенін айта кеткен жөн.

Концертте араб ұлттық әндері айтылып, дәстүрлі билер көрермендерге тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар