Сауд Арабиясында су тасқынынан жеті адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының солтүстік-шығысында болған су тасқынынан жеті адам опат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Ekhbariya телеарнасына сілтеме жасап.

Толассыз жауған нөсердің арты су тасқынына ұласқан. Табиғи апаттан кем дегенде жеті адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен.

Әдетте, Сауд Арабиясының Кувейтпен шектесетін аймағының климаты құрғақ, жауын-шашын аз болады. Табиғаттың бұл тосын мінезінен адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келген.

Қазіргі уақытта су басқан аймақтарда мектептер уақытша жабылды.

Соңғы жаңалықтар