Сауд Арабиясында қажылық басталды
2022 жылғы 7 шілде 18:27

Сауд Арабиясында қажылық басталды

ДЖИДДА. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына бүгін миллионнан астам адам қажылық жасау үшін жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі AlJazeera-ға сілтеме жасап.

2020 және 2021 жылдары корольдік билігі коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа келушілер санына шектеу қойған еді. Сондықтан биыл адам көп жиналды.

Алайда, қажылыққа барғандар пандемияға дейінгі деңгейге жетпей тұр. 2019 жылы бұл көрсеткіш 2,5 млн адамды құраған болатын.

Биыл Сауд Арабиясы 1 миллион қажылыққа квота белгіледі, сонымен қатар қатаң талаптар қойды: қажылыққа келушілер жасы 65-тен аспауы керек және COVID-19-ға қарсы екпе сертификаты болуы тиіс.

Меккеде, Мединада және Джиддада бүгін ауа температурасы 28-43 градус аралығында, деп хабарлайды SPA Сауд баспа агенттігі.

Қажылық кезеңінде ауа температурасы жоғары болатындықтан, Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі күн астында ыстық өткен адамдарға 238 жатын орын әзірлеп қойды.
Бұдан бөлек, Минада 550 орындық 4 аурухана мен 26 медицина орталығы, 175 жедел жәрдем көлігі дайын тұр. Сондай-ақ, қажылыққа 3 жүзден астам мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар келген. Олар кеше Джидда қаласындағы әуежайға келді. Қажылық бес күн өтеді. Мұсылман күнтізбесі бойынша Зу-ль-хиджа айының 8-12, Григориан күнтізбесімен 7-12 шілде аралығында.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT