Сауд Арабиясында қар жауды

None
Видеодан алынған кадр / Euronews
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясының бірнеше аймағында күтпеген жерден қалың қар жауып, бұршақ түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Әсіресе Эль-Баха округінде басқа өңірлерге қарағанда көлемді қар түсті. Біраз жолдар жабылып, көліктер қар құрсауында қалып қойды. Қардан тазарту үшін ауыр құрылыс техникасын жұмылдыруға тура келді.

Эль-Баха білім департаменті мектеп оқушыларын бірнеше күн үйде болып, қашықтан оқуға шақырды. Себебі оқушылар мен ұстаздардың оқу орнына жетуі қиын болып тұр.


Соңғы жаңалықтар