Сауд Арабиясында COVID-19-ға қарсы вакцина алмағандарға жұмысқа шығуға тыйым салынады

None
None
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясында әр адам жұмыс орнына баруы үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған болуы міндетті. Бұл туралы осы елдің Кадрлар және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Economic Times агенттігіне сілтеме жасап.

Вакцина алмаған адам өз жұмыс орнына жіберілмейді. Ел билігі жұмыс берушілерді вакциналау процесіне дайындауды тапсырды.

«Қызметкерлер өз жұмыс орнына бара алуы үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған болуы міндетті. Бұл — мемлкеттік, жеке және коммерциялық емес ұйымдарға да ортақ талап» делінген хабарламада.

Індет басталғалы Сауд Арабиясында 423 000 адамнан КВИ анықталды. 7000-нан астам адам бұл дерттен қаза тапты.

Айта кетейік, бұған дейін ел билігі коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдарға қажылық парызын өтеу үшін келуге рұқсат беретіні жайлы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар