Сауд Арабиясы журналисінің өлтірілуін қатаң түрде айыптаймыз - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы журналисінің өлтірілуін қатаң түрде айыптайды. Ведомствода өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауд журналисінің өлтірілуіне қатысты біз жасалған қылмысты қатаң түрде айыптайтынымызды хабарлаймыз. Қорытынды тергеу жұмысының соңын күтеміз», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, Сауд Арабиясының билігі журналист Джемаль Кашикчтың елдің Ыстанбұлдағы бас консульдығында болған төбелес кезінде көз жұмғанын жариялаған болатын.

Сауд Арабиясының SPA агенттігінің деректеріне қарағанда, Корольдіктің бас прокуратурасы осы оқиғаны тексерген. Тексеру нәтижесінде журналист консульдыққа кіргеннен кейін Сауд Аравиясының басқа азаматтары арасында төбелес болған.  Нәтижесінде Джемаль Кашикчы көз жұмған.

САК Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, журналистің өліміне қатысты оқиға тергеп-тексеріліп жатыр. Ақыры, Сауд Арабиясының 18 азаматы ұсталған. Және билік журалист өліміне қатысты кінәлілер міндетті түрде анықталып, жазаланатынын айтуда.

 

Соңғы жаңалықтар