Сауд Арабиясы Йемен астанасын бомбалауды тоқтатқан жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының жетекшілігмен құрылған коалиция әскери авиациясы өткен түнде Йемен астанасы Сана қаласын бомбалауды қайта бастады, деп хабарлады ВВС.

Сананы жаулап алған көтерілісші хуситтерге қарсы әскери іс-қимылдар 11 күн бұрын басталған.

Ресей Федерациясы мен Қызыл Крест халықаралық ұйымының қалаға медициналық дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмек жеткізу, сондай-ақ бейбіт азаматтарды қауіпсіз жерге көшіруге мүмкіндік беру туралы үндеуіне қарамастан әуеден соққы беру тоқтатылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар