Сауд Арабиясы ШЫҰ-на «диалог серіктесі» ретінде қосылмақ

None
Фото: aa.com.tr
ЭР-РИЯД. АНАДОЛЫ. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) «диалог серіктесі» ретінде қосылуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай ұсынысты корольдік үкіметі 29 наурыз күні мақұлдаған.

«Диалог серіктесі» мәртебесі халықаралық ұйымның толыққанды мүше болуға деген алғашқы қадам.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Эр-Риядқа 2022 жылдың желтоқсанында барған еді.

Сауд Арабиясы мен Қытай кездесуі барысында «Стратегиялық серіктестік жөніндегі толыққанды келісімге» қол қойылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Ал Ауғанстан, Беларусь, Иран мен Моңғолия байқаушы-елдер мәртбесіне ие. Сондай-ақ Әзербайджан, Армения, Камбоджа, Непал, Турция және Шри-Ланка серіктес елдер қатарында.

2022 жылдың 16 қыркүйегінде Самарқандтағы саммитте диалог серіктесі ретінде Египет, Катар және Сауд Арабиясымен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Бахрейн, Кувейт, Мальдив, Мьянма және Біріккен Араб әмірліктеріне диалог серіктесі мәртебесін беру туралы шешім қабылданған болатын.


Соңғы жаңалықтар