Сауд Арабиясы құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің антирекордын тіркеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің антирекордын тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші турда арабиялық футболшыларға Польшамен (1:2) кездесуінде екі сары қағаз көрсетілсе, Аргентина (2:1) және Мексикамен (1:2) кездесуінде алты мәртеден сондай ескерту жасалды. Я5ни6 8ш кездесуде оларға көрсетілген сары қағаз саны 14-ке жетті.

Сауд Арабиясы С тобында үш ұпаймен төртінші орынды місе тұтып, плей-оффтан тыс қалды.

Айта кетсек, қазірге дейін жарыстың 1/8 финалына Франция, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Сенегал, Англия, АҚШ, Аргентина, Польша, Австралия құрамалары жолдама алды.

Еске салсақ, Антуан Гризманн соңғы бес жылда Франция құрамасының барлық ойынында алаңға шықты.

Сондай-ақ, франциялық қақпашы өз құрамасының рекордын жаңартты.


Фото: GETTY IMAGES


Соңғы жаңалықтар